Арыстықтардың өз үйлеріне аман-есен жетуін мыңға жуық тәртіп сақшысы қамтамасыз етуде

333
көрілім
Фотосурет ҚазАқпарат сайтынан.

Тәртіп сақшылары Арыс қаласы тұрғындарының үйлеріне аман-есен оралуын қамтамасыз етіп жатыр. Қазіргі таңда Шымкенттен 78 автобус жүріп кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық Жергілікті полиция басшылығының айтуынша, әрбір он автобусқа бір полиция авто экипажы бекітілген. Ал, жалпы осы төрт күннен бері қоғамдық тәртіпті сақтауға, тұрғындарды тасымалдауға мыңға тарта тәртіп сақшысы жұмылдырылып отыр.
«Эвакуациялық пункттерде тәртіп сақшылары азаматтарға қолғабыс етіп, жүктерін тасымалдап беруде», - дейді Шымкент қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерғали Сүлейменов.