Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға қатысты сұрақтарға жауап береді

375
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға қатысты сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– 2020 жылғы 9 сәуірде сағат 13:00-14:00 аралығында Асхат Аймағамбетов фронт-офис операторларымен бірге 1450 нөмірі бойынша ведомствоның call-орталығына түскен қоңырауларды қабылдап, қашықтан оқу тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап береді, – делінген министрлік таратқан хабарламада.