Асығар емес

577
көрілім

Оңтүстіктен көшіп келушілер легі биыл аз. Бұлай дейтін себебіміз, жыл басынан бері жұмыс күші басым аумақтардан Риддер қаласына бар-жоғы төрт отбасы ғана көшіп келген, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келушілер Шығыс Қазақстан облысына асығар емес. Мұндай ақпарат 16 шілде күні облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында айтылды.

Риддер қаласына 48 отбасыны қоныстандыру жоспарланғанымен, әзірге келгендер саны бар-жоғы 4 отбасы ғана. Дегенмен, қала әкімдігі келушілердің негізгі легін оқу жылының басына таяу күтіп отырғандарын айтады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ