Ата-аналар ҰБТ барысын онлайн-режімде көре алады

964
көрілім

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіндегі жаңашылдықтар жайында баяндап берді. Орталық директорының айтуынша тестілеу барысын ата-аналар онлайн-режімде бақылай алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, енді ҰБТ-ның өту барысын онлайн-режімде көруге болады. Бұл ата-аналарға сынақ өтетін орындарға бармастан, үйден қарап отыруға мүмкіндік береді.

Осы жылы біз ҰБТ-ны онлайн трансляциялауды іске қостық, соның арқасында ЖОО-лар алдында жиналған ата-аналардың саны айтарлықтай азайды. Біз тестілеу картасын Қазақстан бойынша іске қостық, сілтемесі жасалды. Енді тестілеу үдерісін еліміздің кез келген нүктесінен байқауға болады. Мәселен, Астанада жүріп, ОҚО-да тестілеу қалай жүріп жатқанын көру мүмкіндігі бар, – деді Әлімқұлов.

Сонымен қатар мобильді байланысты бұғаттағыштар 3G-ден 4G-ге ауыстырылды.

Менің ойымша, бұл қадам да маңызды, себебі технологияның дамуы мүмкіндігін де ескеруіміз керек. Сондықтан қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілді. Атап өтер жайт, Астанадағы Агротехникалық университетінің алдында ЖОО басшылығы талапкерлер үшін қажетті жағдайды жасады, – деді ол.