Атаудан арылу жалғасуда

28
көрілім

Кеңестік дәуірдің шектен тыс саясиланған атауларынан арылу шарасы Күршім ауданында да жалғасын табуда. Мұның бір көрінісі жақында Сарыөлең ауылындағы Советская көшесіне Бейбітшілік атауының берілуі болды.

"Күршім ауданының Сарыөлең ауылындағы Советская көшесінің атауы Бейбітшілік болып өзгертілді. Көше атауының өзгеруіне байланысты тұсаукесу рәсімі өтіп, ауыл қариялары шашу шашып, лента қиды. Ауылдық округ әкімі Қуанған Қарағызов жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, ауылдағы басқа да кеңестік дәуірінен қалған орысша көше атауларын өзгерту шараларының жалғасын табатынын айтты", - деп хабарланған Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында.

Ерлен ОСМАНОВ