Атаулары өзгерді

458
көрілім

Облыстық ономастикалық комиссия өңірдің бірнеше елді мекенін қайта атау жөнінде оң қорытынды шығарды.

Биыл облыстың біренеше елді мекені жаңа атауға ие болды. Атап айтсақ, Бородулиха ауданындағы Вознесеновка ауылы - Қызылтайға, ал Пролетарка ауылы - Ақшиге ауысты. Сондай-ақ, Ұлан ауданында көптен бері көпшіліктің көңілін күпті қылған 17 шақырым елді мекені бұдан былай "Сарыөзек" деп аталатын болды.

- Елді мекендердің жаңа атаулары әділет органдарында тіркеліп қойды, - дейді облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдын Шаймарданов. - Бұдан бөлек республикалық ономастикалық комиссия Семей қаласындағы №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Жақсылық Үшкемпіровтың есімін беру жөнінде оң шешім қабылдады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ