Ау құрмас бұрын

658
көрілім

Балық аулауға байланысты заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен және "Нұр Отан" партиясы өкілдерімен бірлескен рейд өткізуде.

- Заңды білмеу және оны дұрыс түсінбеу оның талаптарын бұзуға әкеп соғады, - дейді аумақтық инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұрат Солтақанов. - Жануарлар әлемін қорғау заңнамаларын бұзған адамдар ел заңнамалары бойынша жауапкершілік арқалайды. Кәсіптік және әуесқой балық аулау қағидаларын сақтау суқоймалардағы балық санын сақтап, олардың емін-еркін өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Сондықтан қай балықшы болмасын ау құрып, қармақ салмас бұрын балық аулау қағидаларына үңілгені жөн.

Құзырлы мекеме өкілінің айтуынша, балықшылар аталған қағидаларды adilet.zan.kz сайтынан ("Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы) көре алады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ