Ауа райы: 21-23 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

422
көрілім

«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстанға атлантикалық циклон жылы ауа райын алып келеді. Алдағы тәуліктерде циклонның алдыңғы бөлігінің және жылы фронттың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, қар жауады; бұрқасын соғып, күшті жел тұрады; республиканың оңтүстігінде және шығысында жылбысқы қар жауады және көктайғақ күтіледі. Келесі екі тәуліктерде циклонның және шығысқа суық арктикалық фронттың жылжуымен ауа температурасы төмендей бастайды, ал қар жауу және бұрқасын тек солтүстік облыстарында ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде күтіледі, - делінген хабарламада.