Ауру жұқтырған

434
көрілім

Менингококк жұқтырған ШҚО тұрғыны ауыр жағдайда Астана ауруханасына түсті. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында науқастың 13 және 30 қыркүйек күндері Қарағанды облысының Жезқазған қаласында болғаны анықталған.

– 1985 жылы туған шығысқазақстандық 1 қазан күні Астана қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Зертханалық тексерулер арқылы менингококк диагнозы расталды. Жұқпа туралы шұғыл хабар келіп түскеннен бастап департамент мамандары инфекцияға қарсы шараларды бастады. Астана бойынша науқаспен қатынаста болған 6 адам анықталды, оның екеуі бала, – дейді МСЭҚ комитеті Астана қалалық департаментінің Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ақмарал Мейірманова.

Науқас 13 және 30 қыркүйек күндері Жезқазған қаласында болған. Қазан айының басында Қарағанды облысына хабар беріліп, жұқпаға қарсы шаралар жүргізілген.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ