Ауруханада жанжал шығарған күршімдік 15 тәулікке қамауға алынды

152
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Наурыз айында ер адам Күршім аудандық ауруханасына түн ортасында мас күйде келіп, жедел жәрдем ғимаратында шу шығарған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
Медициналық мекеме қызметкерлері бірден тәртіп сақшыларын шақырып, ер адам әкімшілік жазаға тартылды. Анықталғандай, сол адам осыдан жарты жыл бұрын осы әрекетін қайталапты. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтқан. Сот күршімдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.