Ауруханаларға көмек көрсетті

190
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО энергетиктері ауруханаларға гуманитарлық көмек көрсетті.

Облыстық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, «Шығыс Қазақстан АЭК» АҚ мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС бірлесіп облыс ауруханаларына жеке қорғаныс құралдарын табыс етті. Жалпы салмағы 200 келі болатын гуманитарлық көмек ішінде 400 халат, 18500 медициналық маска, 50 дана қорғаныс экраны бар.

– Қазіргі қиын жағдайда коронавирус індетімен күресіп жатқан денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да міндеті. Біз олардың жұмысына алғыс білдіре отырып, осы гуманитарлық көмекті табыс етіп отырмыз, – деді «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Мақанов.

Аталмыш көмек жуық арада Шығыс Қазақстанның ауруханаларына таратылатын болады.