Ауыр атлеттер әзірлікті бастады

368
көрілім

Бірнеше ай бойы үй жағдайында жаттығуларын үзбеген ауыр атлетикадан Ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еліміздің ауыр атлетика федерациясы ұсынған мәліметке сүйенсек, зілтеміршілер Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында дайындыққа кіріскен. Бекітілген талаптарға сәйкес спортшылардың саны 30-дан аспайды. Олардың қатарында 77 келі салмақтағы Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы Сайхан Тайсуев сынды ауыр атлеттер бар. Одан бөлек, Екатерина Быкова, Дарья Павлова сынды шығысқазақстандық зілтеміршілердің де жаттығуларын жалғастырып жатқандығын айта кетейік. Бапкерлер мен дәрігерлер құрамы санитарлық талаптарды қатаң сақтауда.