Автобус құрастыруда

502
көрілім

Семейдегі машина құрастыру зауыты көліктің өзге де түрлерін шығаруға көшті, деп хабарлайды газет тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді кәсіпорын туристерге арналған автобустарды құрастыра бастайды. Қазір жоба құжаттарын сертификаттау жұмыстары қолға алынған.

– Алғашқы автобустар келер жылдан бастап пайдалануға беріледі. Себебі көліктің осы түріне сұраныс жоғары, – дейді зауыт мамандары.

Отандық үлгідегі көлік құрастыратын зауыт жылына 1200 көлік жасап шығарады. Келешекте электробустар құрастыру өндірісі жолға қойылмақ.

– Туристерге арналған автобустар екі және бес есікті болып, люкс нұсқада құрастырылады. Көліктің осы түрін қалаішілік және қалааралық жолаушы тасымалына қолдануға болады. Заман көшінен қалмай, келешек электробустарды да жасап шығару жоспарда бар. Бұл жоба таяудағы екі жылда жүзеге асады, – дейді автоқұрастыру зауыты бас директорының орынбасары Марат Мәкішев.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ