Автокөліктерің әдемі нөмірлерінде көлік иелерінің аты-жөндері де жазылуы мүмкін

341
көрілім

Мұндай ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев білдірді деп жазады buqara.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әдемі нөмірлерді сату 2015 жылы заңдастырылған болатын. Үш жыл ішінде мемлекет қазынасына бес миллиард теңгеден астам қаржы түсті.

ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің ресми өкілі Ернар Базаровтың айтуынша, жоғары сұраныстағы нөмірлер екі санатқа бөлінетін көрінеді. «Біріншісі — 001-ден 009-ға дейін және 777 нөмірі, екінші санат – 100, 200, 300, 111, 333 және тағы басқалар. Егер бірінші санат 517 мың болса, екінші санат 300 мың теңге тұрады», – деп түсіндірді Ернар Базаров.

Егер сіз көлік нөмірінің тек әдемі саннан ғана емес, сонымен қатар әдемі әріптен тұрғанын қаласаңыз 646 мың теңге төлеуіңіз керек болады. Егер нөмірдің тек әріптері ғана әдемі болғанын қаласаңыз оған 130 мың теңге төлеуіңізге болады.