Аягөз ауданына қарасты Қарағаш ауылдық округінде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

583
көрілім

Тұрғындар көптен күткен фельдершерлік-акушерлік пункт «Туған жер» жобасы аясында ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Сейілбек Ысқақов қатысты. Ұзын-саны 880 адамға жуық елдімекен тұрғындары үшін бұның зор қуаныш екені сөзсіз. Қарағаш ауылдық округінде Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде қолға алынған жұмыстың демеушісі ауыл тумасы Серікболсын Аханов. Құрылыс 2021 жылдың маусым айында басталып, қыркүйек айында аяқталды.

- Фельдшерлік-акушерлік пункттің салынуына жалпы соммасы 50 млн теңге қаражат кетті (38млн.теңге құрылысқа, 12 млн. теңге жабдықтарға). Қазір мұнда 3 медбике қызмет атқарады, - делінген мәліметте.