Аягөз ауданында 2023 жылға дейін 19 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

6502
көрілім

Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Сабитов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Досиханов «Есіктен - есікке» акциясы аясында қала тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында жұртшылыққа партияның сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтылды. Сонымен қатар үміткерлер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін де тыңдады.

– Бағдарлама халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталған. Оның ішінде білім саласына ерекше назар аударылып отыр. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуы үшін маңызды шарт екендігі сөзсіз. Мектепке дейінгі мекемелердегі  кезекті төмендетіп, білім беру объектілерінің оқыту стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз ету, білім беру саласының  материалдық-техникалық  базасын нығайту мәселелері шешілетін болады, – деді Е.Сабитов.

Оның айтуынша, 2025  жылға қарай шағын орталықтарда қосымша топтар ашу нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады. Сондай-ақ 2023 жылға дейін 19 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі.

- Міне, сондықтан да сіздерді алдағы сайлауда Nur Otan партиясын қолдап, дауыс беруге шақырамыз. Бізге артқан сенімдеріңізге зор жауапкершілікпен қарап, ауданымызды көркейту жолында аянбай тер төгуге дайынбыз, - деді кандидат.

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді