Аягөз ауданында есірткі қабылдаған жүргізуші ұсталды

1170
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 7-сі күні полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Аягөз ауданы көшелерінің бірінде 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Тойота» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден спецификалық иіс байқаған. Іле тәртіп сақшылары ер адамды көлік басқарудан шеттете отырып, мастығын анықтау үшін медициналық мекемеге баруды ұсынды.

- Нарколог-дәрігер жүргізуші каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас екендігі туралы медициналық қорытынды шығарды. Көлік жүргізушісі бір жыл бұрын 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.