Аягөз ауданында Жаңа жыл қарсаңында "Жасыл шырша жанында" атты қойылым өтеді

465
көрілім

Аягөз ауданы

– Ағымдағы жылдың 23-31 желтоқсан аралығында аудандық Мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда «Жасыл шырша жанында» атты театрландырылған мерекелік қойылым көрсетіледі. Сондай-ақ балаларға арналған ертеңгіліктер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады, - дейді аудан әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов.

Мерекелік шараға аз қамтылған отбасылардың балалары мен жағдайы төмен жанұялардың балалары, сонымен қатар оқуда озат, дарынды балалар шақырылмақ.