Аягөз ауданындағы екі ауылда шағын орталық ашылды

1152
көрілім

Аягөз ауданындағы Қарағаш және Майлин ауылдарында шағын орталық ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшасына жазды.

- Қарағаш және Майлин ауылдарынындағы мектепке дейінгі балалар санын анықтап, шағын орталық ашуды тапсырған едім.  Жаңа оқу жылында осы екі елді мекенде шағын орталық ашылып отыр. Осының нәтижесінде талай адам жұмыспен қамтылды, - деді ол.