Аягөз ауданындағы ХҚКО жаңа ғимаратқа көшті

211
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгіннен бастап Аягөз қаласының және аудан тұрғындары құжаттарды рәсімдеп, барлық қажетті анықтамаларды жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтынгың тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Аталған мекеме Дүйсенов көшесі, 102/1 мекенжайы бойынша орналасқан. Бұрын бұл ХҚКО Б.Момышұлы, 75а мекенжайында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған.

– Халыққа қызмет көрсету орталығы автотұрақ пен тар орын мәселесін шешу үшін ғимаратты ауыстырды. Сондай - ақ, жаңа ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін электрпандус жұмыс істейді, - деді ол.

Сонымен қатар жаңа ХҚКО-да құжаттарды қабылдау үшін және "Connection Point"өзіне-өзі қызмет көрсету секторында жұмыс терезелерінің саны артты.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлық ХҚО-тар штаттық режимде жұмыс істейді. Коронавирустық пандемия жағдайында қосымша қорғаныс шаралары қабылданды: санитайзерлер орнатылды, белгілер қойылды және т. б..

ХҚКО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін, – делінген мәліметте.