Аягөз ауданындағы жер үйде газ балоны жарылды

816
көрілім

Оқиға салдарынан ғимарат жартылай қирап, жеті адам зардап шекті деп хабарлайды, Buqara.kz тілшісі.

-Газ балоны жер үйде шамамен кешкі 21.00 шамасында жарылған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Нәтижесінде үйдің төбесі құлап, 7 адам ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі бала. Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Жарылыстың себебі анықталуда.