Аягөз ауданының Ақши ауылдық округіне ауызсу тартылады

480
көрілім
Шартты фотосурет

Ауылдық округке жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев тұрғындардың сапалы ауызсу пайдалануы үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақшиліктер ауызсу мәселесін бұған дейін де көтеріп, әкімдік тарапына өтініш-тілектерін жеткізіп-ақ келген. Бұл жолы аудан басшысы нақты жұмыстарды қолға алуда.

- Жыл басында халыққа есеп беру кездесуі барысында ауыз су мәселесін көтерген болатын. Ауылға 24 сағат бойы су келіп тұрған жоқ. Тәулік бойы су алу үшін былтыр күзде артезиан құдығы қазылды. Жергілікті бюджеттен 7.5 млн теңге қаржы бөлінді, енді артезиан құдығынан су мұнарасына дейін су тарту жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде тұрғындар тәулік бойына таза ауызсуға қол жеткізеді, – деді Ділдәбек Тәжібайұлы.

Бұдан бөлек, жауапты тұлға аталмыш ауылдық округке қарасты Ескі ауылына да ауызсу тартылатынын жеткізді. Тиісті қаржы бөлініп, жауапты мердігер де анықталған. Жуық арада жұмыстың бір шеті көрінгелі тұр.