Аягөз қаласында 186 отбасы баспанамен қамтылмақ

1055
көрілім

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бірқабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында Аягөз қаласында 68 екі пәтерлі және несиелік бағыттағы бір пәтерлі 50 тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға беріліп, жалпы 186 отбасы баспанамен қамтылады деп жоспарлануда.

Несиелік бағыттағы бір пәтерлі 50 тұрғын үй «Отбасы» банкі арқылы сатылатын болады. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 150 мың теңгені құрайды.

Аягөз ауданында тұрғын үйді берудің көлемі жыл соңына дейін 73 736 шаршы метр болады деп күтілуде, өткен жылмен салыстырсақ 290,5% өсім күтілуде.

Аталған аумаққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 1000 мектеп салу міндетін іске асыру мақсатында, облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен 600 орындық жаңа мектеп және балабақша салу құрылысы жоспарлануда.

Айта кетсек, 2020 жылы Аягөз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй және «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында екі пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 140 отбасы баспаналы болды.