Аягөз қаласында ер адамның қалтасынан гашиш табылды

4536
көрілім

Желтоқсан айының басында Аягөз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде «Toyota» автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлік тізгіндеген 36 жастағы жергілікті тұрғынды тінту барысында күртешесінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

- Сараптама қорытындысына сәйкес заттың жалпы салмағы 367,72 грамм гашиш екендігі анықталып, ұсталған адам есірткіні өзі пайдалану үшін сақтағанын айтты, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санциясымен 40 тәулікке дейін қама алу көзделген.