Аягөз қаласындағы бірқатар көшелерге асфальт төселмек

509
көрілім

Аягөз қаласындағы Рахимов, Құлсейітов көшелеріне асфальт төселеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасына жазды.

- Қазіргі таңда Аягөз қаласындағы Сейфуллин көшесіне асфальт төселіп, Бөгенбай батыр көшесіне осы тектес жұмыс жүргізілуде, - дейді ол. - Алдағы уақытта жолға асфальт төсеу жұмыстары Рахимов, Құлсейітов көшелерінде жүргізілетін болады. Сондай-ақ Рахимов көшесіне жарық тартылады.