Аягөз қаласындағы үйлердің біріндегі аулада жиналған шөп өртенді

740
көрілім

Аягөз қаласындағы үйлердің біріндегі аулада жиналған шөп өртенді

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сәйкес, өрттің шығуына екі жағдайдың бірі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жауапты департаменттің ресми мәліметіне сүйенсек, Әділбаев көшесіндегі үйдің ауласындағы шөп өртенген. Отқа оранған шөптің салмағы – 4 тонна. Қазіргі уақытта тиісті қызмет келтірілген шығын мен кінәлі адамды анықтап жатыр. Өрт сөндірушілер әзірге екі нұсқаны зертету үстінде. Олардың болжамы бойынша, өрт абайсыздықтан немесе қасақана өртеу салдарынан орын алуы ықтимал.