Аягөздегі орталықты жөндеуге және жабдықтауға 200 млн теңге бөлінді

1081
көрілім

Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығын жөндеуге және жабдықтауға 200 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, әкімдік орталықтағы заңбұзушылықтарды жою үшін шұғыл шаралар қабылдаған.

- 2 ғимаратты жөндеуге, балалар алаңдарын абаттандыруға 139,5 млн теңге бөлінді. Емдеу-денешынықтыру үшін тренажер, көпфункционалды кереуеттерді сатып алуға, «бұлтты» сақтауы бар бейнекамера орнатуға қосымша 46,9 млн теңге қосымша қарастырылған. Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 3,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта орталықта тағы бір тұрғын жай құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Жаңа ғимарат лифтімен, паллиативті топ үшін ұйықтайтын бөлме, медициналық бекет, ойын бөлмесі және асханамен жабдықталады. Ескі корпуста алаңдарды босатуға байланысты қосымша кабинеттер мен залдар (ЕДШ, спортзал және т.б.) орналастырылады, деді ол.