Аягөздегі жер үйлердің біріне түскен ұрылар бағалы теледидарды қолды қылған

1133
көрілім
Аягөз қаласындағы жеке тұрғын үйлердің біріне кірген белгісіз біреулер 180 мың теңгелік теледидарды қолды қылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Сүлейменов көшесіндегі тұрғын үйдің терезесін шағып, ішке кірген ұрылар өздерімен бірге үй иесінің теледидарын ала кетеді. Кешкі уақытта үйіне оралған жәбірленуші теледидарының жоғалып кеткендігін көріп, бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер күдіктілерді тез арада қолға түсірген. Олар – 41 жастағы Көкпекті ауданының тұрғыны мен 36 жастағы павлодарлық болып шықты. Ұрланған теледидар табылып, өз иелеріне қайтарылды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, олардың басқа ұрлық фактілеріне қатысы бар-жоқтығы анықталу үстінде.