«Аягөздік Деточкин» көлікжайдан автокөлік ұрлағаны үшін ұсталды

9066
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде «Берегись автомобиля» фильмінің кейіпкері Юрий Деточкиндей әрекет еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аягөз аудандық полиция бөліміне 20 ақпан күні 43 жастағы ер адам үйінің ауласындағы көлікжайдан «ВАЗ» маркалы автокөлігін бөгде біреудің ұрлап айдап кеткендігі туралы шағымданған. Жәбірленуші көлік кілтін оталдыру тетігінде қалдырғаны анықталды. Көлік иесі материалдық шығынды 1500000 теңгеге бағалады.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері Тарбағатай ауылының бұрын сотты болған 31 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.