Аягөздік спортшылар облыстық жарыста жүлдегер атанды

1705
көрілім
Шартты фотосурет

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Серебрянск қаласында өткен қол күрес бәсекесі желтоқсан айының 17-18 аралығында өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сайысқа 2004-2006 жылы туған және одан төмен жастағы жасөспірімдер қатысты. Аталған сыннан Аягөз ауданының спортшылары да шет қалмай, жоғары нәтиже көрсетті.

- Ауданымызда қол күрес спорты қарқынды дамуда, бұған дене шынықтыру пәні мұғалімдері де ден қоя бастады. Аудандық жарысқа 308 спортшының қатысуын осының айғағы деп білуге болады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уалхановтың мадақтама қағаздары мен медальдарына ие болды, - делінген мәліметте.