Аягөздіктер облыстық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлдегер атанды

1170
көрілім

Қазан  айының 28-29 аралығында онлайн  форматта «Айбын-2021» облыстық әскери –патриоттық жастар жиыны  өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Жиынды ШҚО Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан халықаралық құқықтық қарым-қатынас қоры» қоғамдық қоры, ҚР Қорғаныс Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен ШҚО білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
 Жиын бағдарламасына келетін болсақ:
5.1 Байқау бағдарламасы келесі сайыстарды қамтиды:
1) «Туған жерім менің - Қазақстаным!» челлендждер байқауы;
2) Белтемірге тартылу;
3) Арқаға жатып, денені көтеру;
4) АК-74: толық емес бөлекшеу, жинақтау;
5) Газтұтқышты және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию;
 «Қалалық  қазақ  мектеп лицейі» КММ-нің  АӘ және  технологиялық дайындық  пәнінің жетекшісі Д.Казбеков осы жарысқа мектеп-лицейдің «Жас артиллеристер» атты командасын жасақтап, дайындық жұмыстарына шұғыл кірісіп кетті.
 - Құрамында Е.Арман, Ж.Ниязбеков, Е.Нахысбеков, Ш.Нурышева, М.Ыбраймова сияқты әскери істі жақсы меңгере білген команда мүшелері барын ортаға  салды. Олар мектептің «Жас сарбаз» патриоттық клубының мүшелері. Белтемірде  тартылудан, челлендж  байқауларынан алдарына  жан  салмай І орындарды  иеленді. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша Семей (Бас  жүлде), Риддер (І  орын) қалаларынан кейін жүлделі  ІІ  орын  иеленді.
 «Жас артиллеристер» командасын  облыстық  додадағы  жүлделі  орындарымен құттықтаймыз! - делінген мәліметте.