Аязды күндер аз болмайды

402
көрілім

Биылғы қыс әдеттегі нормадан салқын болады деп болжануда. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады.

- Біз температура көпжылдық көрсеткіштен төмен болады деп күтудеміз. Өткен жылдармен салыстырғанда ауа температурасы бір-екі градусқа төмен болуы ықтимал. Ел аумағында қар аз жауады. Синоптиктердің болжамынша, қар түсімі көктемге қарай біраз көбеюі мүмкін, - деді шенеунік Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында. - Қазірдің өзінде бірінші және төртінші сыныптағы оқушыларға сабаққа баруда бірқатар шектеулер жасалып үлгерді. 13-15 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында аяз орнап, төменгі сынып оқушыларына сабақ болмады.

Республикалық ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, ауа райы қараша айының өзінде-ақ әдеттегі нормадан төмен болғанын хабарлауда. Ауа температурасының көпжылдық нормадан ауытқуы Риддер қаласында, Аягөз және Зырян аудандарында байқалған.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ