Айбек Нұғымаров коронавирус дертінен емделуде

389
көрілім

Қазақ күресінен мүмкін болатын жүлденің бәрін иеленген жерлесіміз Айбек Нұғымаров қатерлі індет жұқтырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күні кеше екі дүркін Әлем Барысының қауіпті вирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды. Қазіргі уақытта Айбек Серікболұлының Семейдегі көлік колледжінің директоры қызметінде. Мәлім болғандай, сақа спортшыдан бөлек, электротехникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков те коронавирус жұқтырды.

- Құрметті жерлестер, бүгінде мына жаман індет бізден де арылмады. Барлығы өтпелі. Бүгінде Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Сырқат осыдан бір апта бұрын анықталды. Қазіргі уақытта кімнен жұққанын біле алмай отырмыз. Сақтану шараларын қолданбағынның кесірінен. Басында біз де сеніңкіремедік, саясат, ақша деп ойладық. Енді ешқандай саясат емес екеніне көзім жетті, - деді палуан.