Айлардың сұлтаны Рамазан айы басталды

519
көрілім
voxpopuli.kz

Бүгін күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті де берекеге толы, он екі айдың сұлтаны Рамазан айы басталды. Сауаптар еселеніп, жақсылыққа бағыттайтын ораза 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Рақым айы Рамазанның басталуымен Бас мүфти Серікбай қажы ОРАЗ мұсылман қауымды құттықтады:

- Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!  Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Баршаңызға Жаратқан Ием жар болсын!

Биылғы жылы пітір-садақаның көлемі адам басына 300 тенге. Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады.

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «2018 – Ислам және отбасы жылы» деп атады. Қасиетті айда қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерге, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға, науқас адамдарға барынша қамқорлығымызды көрсетейік, ардақты ағайын! Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа. Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін" - деді Бас мүфти.