Азамат Дәулетбеков лицензиялық турнирге дайындалуда

148
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Семейлік палуанның салмағында ел қоржынында әзірге олимпиадалық жолдама жоқ. Жерлесіміз алдағы уақытта соған иелік етуге барын салмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығысқазақстандық бірқатар палуандар қазір Алматыдағы АИБА академиясында шеберліктерін шыңдауда. Семейдегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясында республикалық, халықаралық, құрлықтық додалардың жүлдегерлерін дайындап жүрген тәжірибелі жаттықтырушы Роллан Көксегеновтың сөзінше, 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бозкілемге беттейтін Азамат Дәулетбеков алдымен лицензиялық жарыста, сосын бірден ақпан айында Алматы қаласында өтетін құрлықтық чемпионатта өнер көрсетеді.

– Алғашқы оқу-жаттығу жиыны не Шымкент қаласында, не АИБА академиясында өтеді. Содан кейін Ұлттық құрама мүшелері бірден қатарынан үш оқу-жаттығу жиынына қатыспақ. Азаматтан зор үміт күтеміз. Ешбір қарсыласы жолдамадан оңайлықпен айырылғысы келмейді. Бапкерлік құрамның бар ойы қазір осыған саяды, – деді бапкер.

Әділхан ЕСІМХАНОВ