Азамат Дәулетбеков Тунисте өткен турнирде топ жарды!

20144
көрілім

Кезекті рейтингілік турнирде семейлік спортшы барлық қарсыласын айқын ұтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Палуандардың жеңімпаз атанып, жүлде алғандарына ұпайлар беріледі. 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дәулетбеков сәтті белдесуінен соң рейтингідегі жағдайын біршама жақсартып алды. Бірқатар Әлем чемпиондары мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері келіп бақ сынады.

Семейлік палуан алғашқы айналымда Түркиядан келген Осман Гоченнен 9:1 есебімен басым түсті. Сосын жергілікті Сабри Мнасрияның осал тұсын тауып, 10:0 есебімен жеңді. Аталған салмақта спортшылар санының аз болуына орай белдесулер айналмалы жүйемен жалғасты. Үшінші кездесуінде Сабримен қайта жолыққан Азамат қарқынына қарқын қосып, 11:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Сөйтіп, халықаралық жарыстың алтын медалін мойынға тақты.
Бұл жолы Шығыс Қазақстан мен Абай облысын алып қарасақ, ел намысын тек бір ғана палуан қорғады. Оның өзінде чемпион атанды!