Азамат Қасым «Алтайға» келді

642
көрілім

Белгілі журналист Азамат Қасым «Altai» телеарнасының қазақ редакциясының шеф-редакторы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Осыған дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған Азамат Қасым «Altai» телеарнасына ауысты. Бүгін телеарна директоры Нұртас Солтанұлы қазақ редакциясының жаңа шеф-редакторын ұжыммен таныстырды.

  

Айта кетейік, Азамат Әбілұлы 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. «Алматы ақшамы» газетінде тілші, ШҚО «Дидар» газетінде тілші, бөлім меңгеруші, шолушы, бас редактордың орынбасары, республикалық «Алаш айнасы», «Дала мен қала»,  «Жас қазақ үні», «Заң» газеттерінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. 

Соңғы 3 жылдан астам уақыт бойы «Егемен Қазақстан» газетінде еңбек етіп, өңірдің өзекті мәселелеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарын аудартты. 2019 жылы «Ел – әңгімеші» атты кітабы жарық көрген.