Азаматтық соғыс кезінде Шығыс Қазақстанда «қара гусарлар» әрекет еткенін білесіз бе?

482
көрілім

Ақтардың атаманы Борис Анненковтың әскері осылай аталатын. Оның Өскемендік депутаттар кеңесінің төрағасы Ушанов Яков Васильевичті «Монгол» кемесінің оттығында тірідей өртеп жібергенімен аты шыққан.

Анненковтықтар Сібір казак әскерінің қалдығынан жиналған. Кеңестік биліктің орнауына көңілі толмаған казактар бұл әскерге өз еркімен қосылатын. Әскер шетелдік жеткізілім есебінен жақсы қамтамасыз етіліп отырды. Кавалеристердің әскери формасы атаманның сүйікті қара түсінде күміспен және ақ зермен кестеленіп тігілді. Гимнастерканың сыртына ментик киілетіндіктен анненковтықтарды «қара гусарлар» деп атап кетті. Кокардалар мен белдіктің айылбасында бас сүйек пен сүйектер бейнеленген. Дәл осы сурет әскери туға да бейнеленген.

Атаманның өзі революционер Иван Анненковтың ұрпағы болып табылатын. Жастық шағында Ресейдің мемлекеттік құрылысы туралы айрмандайтын. Бірақ соғыс оны өзгертті, ол большевиктерді жек көрді, олар қиратудан басқа ештеңе алып келмейді деген көзқарасты ұстанды. Сондықтан Борис Анненков жаңа билікті жақтаушыларды ғана емес, тіпті оған қандай да бір жанама қатысы бар адамдарды түгел құртуды өзінің борышы деп санайтын. Жанынан безген, ызалы адам маңайындағыларға қауіп төндіре бастайды.

Анненковтың қызметтестерінің бірінің айтуынша, атаман автокөлікпен жүргенде мысық, ит не қойды басып кеткенді ұнататын, кейде одан да қатал ниет білдіретін. Анненковтың жеке жүргізушісі Алексей Ларин, бастығының ауылдарға рейд жүргізіп, большевиктерді ұнататын шаруаларды іздейтінін еске алатын. Ондай адамдарды жолықтырса, «қара гусарлар» есінен танғанша дүре соғып, кейде шашкамен шауып немесе атып тастайтын. Әйелдерге де, балаларға да аяушылық танытпаған. Зорлық-зомбылық әрекеттері тіпті жергілікті шіркеулердің алтарьында да жасалатын.

Анненковтың сойөандығы большевиктер мен шаруалардың арасында ғана емес, ақ әскердің арасына да таралды. Қызы әскер атаманды қытай шекарасына дейін шегінуге мәжбүр еткен соң, оның мыңдаған әскерінің қатары 700 адамға дейін сирегені таң қалдырмайды. Отанынан айырылған атаман большевиктер сатып алған қытайлықтардың сөзіне сеніп, келіссөз жүргізуге тырысады. Бірақ чекистердің қолына түсіп, айыуандық үшін сотталып, 1927 жылдың 24 тамызында өлім жазасына кесілді.