Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері бозкілемге беттейді

351
көрілім
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Бүгін Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында еркін күрес шеберлері алғашқы жеңімпаздарды анықтайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпан айының 17-нде басталған құрлықтық жарыста грек-рим және әйелдер күресі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды. Бүгін бозкілемде еркін күрес шеберлері өзара бақ сынаспақ. Палуандар арасында жерлестеріміз Данияр Қайсанов пен Азамат Дәулетбековтің барын айта кетейік. Назарларыңызға ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынамыз:

1.Нұрислам Санаев (57 келі)

2.Нұрболат Абдуалиев (61 келі)

3.Дәулет Ниязбеков (65 келі)

4.Мейіржан Әшіров (70 келі)

5.Данияр Қайсанов (74 келі)

6.Ғалымжан Өсербаев (79 келі)

7.Азамат Дәулетбеков (86 келі)

8.Илизхан Чилаев (92 келі)

9.Әлішер Ерғали (97 келі)

10.Юсуп Батырмурзаев (125 келі)