Бағасы арзандамақ

410
көрілім

2019 жылы Қазақстанда авиабилет бағалары арзандайтын болады. Бұл туралы Инвестиция және даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

– Біз өткен аптада негізгі операторлармен кеңес өткізіп, оларға бір аптаның ішінде авиабилет бағасын төмендету жөнінде ұсыныс білдірдік, – дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, «Эйр Астана» ішкі рейстердің бағаларын төмендететін болады.

– Бірден ашып айтайын, SCAT компаниясы да бағаны төмендетеді. Олар бізге осыған байланысты есептерін береді. Керосиннің бағасы айтарлықтай арзандап кетті. Біз енді осыларға қарай келіп, «Эйр Астананың» билет бағасын 30 пайызға, SCAT-тың ұшақ билетін 38 пайызға арзандатуын талап етеміз, – деді вице-министр.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ