Бағдар белгілі

400
көрілім

Өңіріміздің аудан, қалаларында қатынайтын әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттары белгіленді

Жол мұратын мақсат еткен жолаушы үшін ең бастысы, мәселе межелі жерге кедергісіз жету екені бесенеден белгілі. Бұл әсіресе ағайын-туысты аралап қайтуды қапы қалдырмайтын қазақ үшін тіптен маңызды екені рас. Ал жолаушыны жолынан қалдырмаудың бірден-бір жолы — ол елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жолға қою. Бұл бағытта өңір билігі мен халық қалаулылары да қарап қалған жоқ. Атап айтсақ, өткен жылдың соңына қарай облысымыздың 12 ауданында әлеуметтік маңызы бар 65 автобус бағыты анықталып, оларды ұйымдастыру және субсидиялау жұмыстары басталып кеткен болатын. Осы ретте оқырман үшін қызықты болатын автобус қатынасының қай бағыттарға қарай ұйымдастырылатынын зерделеп өтуді ұйғардық.

Естеріңізде болса, біз бұл жайында газетіміздің 2018 жылдың 18 желтоқсандағы санында жазған болатынбыз. Ол кезде біз облыстық мәслихаттың тұрақты автобус қатынасы өте қажет деген бағдарлардың тізімін бекітіп, аталмыш тізімге 12 аудан бойынша 65 бағдар енгізілгенін және шешімнің аудан әкімдіктерінің ұсынысы бойынша қабылданғаны жайына қысқаша тоқталып өткен болатынбыз.

Депутаттар Аягөз, Бесқарағай және Көкпекті аудандарының ішіндегі үш бағытты әлеуметтік маңызды деп таныды. Жарма ауданында мұндай маңызды бес бағыт болса, Күршім, Зайсан және Катонқарағай аудандарында - алтыдан, Үржарда — жеті, Тарбағатайда — он бағыт, ал Зырян ауданында - 11 бағыт бар.

- Елді мекендердің аудан орталықтарымен тұрақты қатынасын қамтамасыз ету мақсатында, қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар ауданішілік автобус қатынастарының тізбесі анықталды, - дейді газет редакциясына ресми хатпен жауап берген ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. - Тізбеге Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зырян, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха аудандары бойынша 65 бағыт енгізілді. Аталған тізбеде сондай-ақ қолданыстағы бағыттармен қатар жаңадан ашылатын автобус бағыттары да енгізілген.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар бағыттар дегеніміз — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін және тарифтердің қолжетімді деңгейінің аумағы бойынша халықтың еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдау.

- "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабына сәйкес, жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру аудандардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері аталған бағыттарды ұйымдастыру бойынша шараларды қолға алып, оларды субсидиялау мәселесін қарастыруда, - деп қосты Әсет Сұлтанов.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Аудан атауы

Автобус бағыттары

Аягөз ауданы

Аягөз-Баршатас

Аягөз-Ақшәулі

Аягөз-Тарбағатай

Бесқарағай ауданы

Стеклянка-Глуховка-Бірлік-Белокаменка-Қара-Мырза-Канонерка-Бесқарағай

Кривинка-Жетіжар-Қарабас-Кіші-Владимировка-Бесқарағай

Қоянбай-Ерназар-Морозов орман шаруашылығы-Башкөл-Қарағайлы-Кіші-Владимировка-Бесқарағай

Глубокое ауданы

Предгорное-Верхберезовка

Глубокое-Саяжайлар

Жарма ауданы

Жарық-Қалбатау

Жаңғызтөбе-Қалбатау

Қызылағаш-Қалбатау

Шар-Қалбатау

Қалбатау ауылының іші

Зырян ауданы

№ 2 бағыт - Автобекет-Өнеркәсіп алаңы

№ 40 бағыт - Ескі қала-Батыстық

№ 4 бағыт - Автобекет – Рабочая көшесі

№ 3 бағыт - Өнеркәсіп алаңы-Шағын отбасылық

№ 10 бағыт - Өнеркәсіп алаңы-Батыстық

№ 14 бағыт - Рабочая көшесі-Өнеркәсіп алаңы

Пихтовка-Поперечка

Серебрянск-Зырян

Серебрянск-Октябрьск

№ 5 бағыт - Автобекет-№ 7 мектеп

№ 7 бағыт - Автобекет-Техникалық қызмет көрсету станциясы

Зайсан ауданы

Зайсан қаласы бойынша

Зайсан-Кеңсай-Шілікті

Зайсан-Айнабұлақ-Жамбыл-Дайыр-Қуаныш-Біржан

Зайсан-Айнабұлақ-Көгедай-Шалқар-Қаратал-Үлкен Қаратал

Зайсан-Айнабұлақ-Жамбыл-Көкжыра

Зайсан-Айнабұлақ-Сартерек

Зайсан-Кеңсай-Жарсу-Бақасу-Саржыра

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын-Көктерек

Бураново-Кірпіш зауыты

Үлкен Нарын-Ново-Поляковка

Катонқарағай-Ақсу

Катонқарағай-Өрел

Катонқарағай-Берел

Көкпекті ауданы

Көкпекті-Самар

Көкпекті-Шұғылбай

Көкпекті-Үлгілімалшы

Күршім ауданы

Күршім-Қалжыр-Марқакөл

Күршім ауылы ішінде

Ақбұлақ-Күршім

Ақбұлақ-Марқакөл

Күршім-Қаратоғай

Күршім-Ақсуат-Күршім

Тарбағатай ауданы

Үштөбе-Қызылкесік-Ақсуат

Қызыл Кесік -Сәтпаев-Көкжыра-Екпін-Ақсуат

Ойшілік-Құмкөл-Шыбынды-Қарғыба-Ақсуат

Көкжыра-Аққала-Екпін-Ақсуат

Кіндікті-Сәтпаев-Екпін-Ақсуат

Ақжар-Ақсуат

Қарғыба-Ақсуат-Екпін

Тұғыл-Ақжар

Тұғыл-Ақсуат

Көктүбек-Сәтпаев-Ақсуат

Үржар ауданы

№ 1 бағыт - Нан қабылдау пункті-Крупская атындағы орта мектеп

№ 2 бағыт - Автоколонна-Ақжар ауылы

Асыл тұқымды станция-Абай атындағы орта мектеп

Әуежай-Аурухана

2086 Әскери бөлім-Бекет

Үржар-Көлденең-Қаратұма

Үржар-Алтыншоқы-Айтбай-Таскескен-Шолпан-Қаракөл

Шемонаиха ауданы

Барашки-Первомайский-Ново-Ильинка-Шемонаиха

Зевакино-Убинка-Первомайский-Шемонаиха

 

Газетіміздің алдағы сандарында аталған аудандардағы автобус бағыттарына жекелеп тоқталып, олардың жүру кестесі мен жол жүру құны туралы толыққанды мәліметтерді ұсынатын боламыз.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ