2018 жылдың қазан айында облыстық мәслихат тұрақты автобус қатынасы өте қажет деген бағдарлардың тізімін бекітті. Аталмыш тізімге 12 аудан бойынша 65-тен астам бағдар енгізілді. Шешім аудан әкімдіктерінің ұсынысы бойынша қабылданды.
Депутаттар Аягөз, Бесқарағай және Көкпекті аудандарының ішіндегі үш бағытты әлеуметтік маңызды деп таныды. Жарма ауданында мұндай маңызды бес бағыт болса, Күршім, Зайсан және Катонқарағай аудандарында - алтыдан, Үржарда — жеті, Тарбағатайда — он бағыт бар.
Глубокое ауданында Предгорное-Верхберезовка, Глубокое-саяжайлар бағытындағы автобус бағдарлары әлеуметтік маңызы бар деп белгіленді.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ