Бал мерекесі өтті

631
көрілім

Катонқарағай ауданында үшінші этно – фестиваль «Бал мерекесі» өткізілді, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Климово шаруа қожалығының аумағында өткен шараға 100 -ден астам адам қатысты. Омарташылардың жұмысын мадақтайтын бұл фестиваль жақын және алыс шетел халықтарының, көпұлтты Қазақстанның бірлігі мерекелерінің біріне айналған. Мерекені ұйымдастырушы Аққайнар ауылдық округінің әкімшілігі, Катонқарағай Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Катонқарағай аудандық Достық үйі және «Хранители Алтая» қоғамдық ұйымы болды. Шара барысында бал жәрмеңкесі, ауданның қолөнер шеберлерінің өнімдерін сату көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар үздік омарташыларға Алғыс хат табысталды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ