Бас жоспар құрылмауда

291
көрілім

ШҚО-ның елді мекендерін дамыту үшін әрбір аудан, қала әкіміне Бас жоспар құру тапсырылған болатын. Алайда әзірге бұл жұмыстар сылбыр жүргізілуде.

Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен мәслихат сессиясында айтылды. Шығыс Қазақстан облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кудияровтың сөзіне сенсек, бүгінде аймақ бойынша Бас жоспар құру жұмыстары 35%-ға ғана орындалған.

– Өңірімізде жалпы саны 724 елді мекен тіркелген. Оның ішінде 10 қала бар. Қазіргі таңда бұлардың тек 254-інде Бас жоспар құрылған. Әкімдер негізінен Бас жоспардың құрылмауын қаражат жетіспеушілігінен деп түсіндіреді, – дейді Бауыржан Мамұтханұлы.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ