Бас жүлдеге – iPhone 13: Өскеменде ән байқауы өтеді

551
көрілім
Шартты сурет

«Өскемен Дауысы» байқауына өтініштер қабылдануда. Сайысқа үлкен сахналарда ән шырқап жүргендер қатыса алмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Мұнда 17 мен 50 жас аралығындағы қала тұрғындары қатыса отырып, эстрада, классика, халық әндері мен өз шығармашылығындағы авторлық әндерін ұсына алады.
«Өскемен Дауысы» гала-концертіне үздік нөмірлер іріктеліп алынады.
Өтініштер 8-19 тамыз аралығында күн сайын сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
– Онда өзіңіздің толық аты-жөніңізді, жасыңызды, мамандығыңызды, өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты көрсетуіңіз керек. Байланысқа WhatsApp желісі арқылы шыға аласыз: 8-705-526-16-40. Іріктеу кезеңі 20-21 тамыз аралығында өтеді. Уақыты мен орны қатысушыларға WhatsApp мессенджері арқылы тікелей хабарланады, – дейді ұйымдастырушылар.
Ал 22-25 тамыз аралығында сала мамандарымен концерт дайындығы өткізіледі.
Байланыс телефондары: 87055261640, 87232265890.
Жеңімпаздың бас жүлдесі - iPhone 13.