Баспаналы болды

369
көрілім

Шығыс Қазақстанның Риддер және Шемонаиха қалаларына оңтүстік өңірлерден қоныс аударған отбасылар баспаналы болды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Риддер қаласында 120 отбасы жаңа баспанаға ие болды. 60 пәтерлік қос үйдің құрылысы 2017 жылы басталған болатын. «Шығысстройиндустрия» компаниясы нысанды межелі мерзімде кешіктірмей тапсырып отыр.

Ал Шемонаихада 60 отбасы баспаналы болды. Олардың барлығы 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Шемонаиха ауданына көшіп келген жанұялар. 60 пәтерлі үйдің құрылысы мемлекет бюджеті үшін 675,7 млн теңгеге шыққан. Пәтерлердің ауданы бөлме санына қарай 45,6 шаршы метрден 73 шаршы метрге дейін барады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ