Бауырдың пайдасы қандай?

493
көрілім

Пайдалы құрамы

Бауыр — дәрумендердің (әсіресе А дәрумені), микроэлементтердің (мыс, мырыш, темір) және айрықша сіңімді нысандағы таптырмайтын аминоқышқылдардың бай көзі. Яғни оның құрамында пайдалы заттар жетерлік. Оны ағзаның бауырдан алуы басқа өнімдерге қарағанда оңай. Сонымен бірге бауыр — бұл ас қорытуға және пайдалы заттардың сіңуіне көмектесетін дайын ферменттердің қоймасы.

Әсіресе балықтың бауыры өте пайдалы. Себебі онда А, С және В тобының дәрумендерінен басқа оның құрамында D дәрумені, йод, кальций мен фосфордың көп саны бар. Нәлім бауыры сіздің сүйектеріңіз, тісіңіз, тырнақ пен шаштарыңыз әлсіз болса, үстел үстінде орынды тағам болады. Минтай бауыры өкпе мен бронхтар үшін өте пайдалы (әсіресе сіз темекі шегетін болсаңыз).

Сиыр бауыры диетаға көбірек сәйкес келеді. Өйткені оның құрамында майы аз болады. Сиыр бауырын қалқанша без, бүйрек үсті безі, жыныс бездерінің ауруы болған кезде пайдалану өте пайдалы. Сиыр бауырын дайындамас бұрын оны жұмсағырақ ету үшін суда немесе сүтте салу қажет.

Қауіпсіздік ережелері

Барлық бауыр еті пайдалы бола бермейді. Ауру малдың бауыры гельминтті, зиянды бактерияларды жұқтырған болуы және улы заттар болуы мүмкін. Өнімді дұрыс сақтамау және тасымалдамау оның жарамсыздығына алып келуі мүмкін.