Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

330
көрілім

Шалқар Байбеков бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол, 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, жер қатынастары және ветеринария салаларына жетекшілік еткен.

– Шалқар Заманбекұлы тәжірибелі басшы. Оның үміткерлігін мәслихат депутаттары қолдады. Бесқарағай ауданының дамуы үшін маңызды мәселелерді шешуде өз тәжірибесін тиімді пайдаланады деп сенемін, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша, содан кейін Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық мемлекеттік құрылыс инспекциясының аға инспекторы болып бастады.

1990 жылдың шілдесінен бастап Семей салық инспекциясы саласында жұмыс істеді. 1999 жылы Павлодар, Астана және Қарағанды бойынша Салық комитетінің төрағасы болды. 2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасын басқарды. Кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.