Бейнебақылау орнатылмақ

410
көрілім

Өңіріміздегі балабақшалар бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Бұл мақсатқа 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінбек.

Енді ата-аналарға балалары баратын балабақшаға бейнебақылау орнату үшін ақша жинаудың қажеті жоқ. Бұны мемлекет өз міндетіне алып отыр. Шығыс Қазақстан облысында барлық мектепке дейінгі мекемелерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау үшін қанша қаржы қажет екендігі есептелді.

– Облыстық бюджет комиссиясының қарауына 211 миллион теңге көлеміндегі бюджеттік өтінім жіберілді, – дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова, – Бұл қаржыға 4 377 бейнебақылау камералары сатып алынады. Оның ішінде 528 данасы балабақша сыртына, 3 849 данасы ішіне орнатылатын болады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ