Биыл Аягөз қаласының қай көшелеріне жарық шамдары орнатылады?

764
көрілім

2017 жылы Аягөз қаласының бірнеше көшесіне жарық шамы орнатылмақ. Аудан әкімі Бақытжан Байахметовтың айтуынша, көше шамдарын орнату жұмыстары көліктің және жүргіншілердің көп жүретін аумағынан басталады, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі.

Биылғы жылы Аягөз қаласындағы бірқатар көшелерге жарық шамын орнатайық деп отырмыз. Оларға жарық шамдары сын көтермейтін Жамбыл, Тоқсанғазина, Шәкәрім көшесінің аяғы, Гагарин, Көшкімбаев көшелері жатады. Айта кету керек, қаланың 60%-ына энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Оның бағасы сәл қымбаттау, десе де сол қаржы энергияны үнемдеумен кері қайтып келеді, – дейді Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов.

Қоса кетсек, Аягөз қаласының Ә.Теңірбергенов, Х.Дүйсенов, Б.Момышұлы, Ақтамберді, Нұралинов, Сейфуллин, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр көшелері мен Абай бульвары, №21 және №23 көпқабатты тұрғын үй аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, тал, гүл және жасыл екпелерді егуге 115 млн. теңгеден астам қаржыға бюджеттік ұсыным әзірленіпті.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ